TITLE

DESCRIPTION

Ұлылардың ұлысы…

Ширатылған заманда ширақталған әдебиет өкілі, әрі қазақ халқының ұлт болып қалыптасу жолында талай қиыншылықтарға төтеп берген әйгілі үш бәйтеректің бірі – Бейімбет Майлин. Жазушы о заманның қоғамдық тіршілігін өзінің түрлі туындыларынан аңғарта білді, шындықтың шырайын сездірте алды. Иә, бастан кешіргені көптен көп, ұрпаққа қалдырған мирасы да жетерлік. Биыл 2019 жылы 125 жылдығы тойланатын ұлы тұлғаның құрметіне аталған ғимараттар да жоқ емес. Оның бірі – Бейімбет Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы болып саналады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы»КММ оқушылары рухани, мәдени құндылықтарын байыту, тарихи сананы жаңғырту мақсатында дәл осы мұражайға шағын саяхат жасап қайтқан болатын. Мұражайда жалпы Таран ауданының археологиялық қазбалары, жануарлар мен өсімдіктері туралы деректер,киіз үйдің көрінісі, ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы қоныс аударушылардың үйлері мен шатырларының интерьері, ауылдық округтер туралы ақпараттар, соғысқа қатысушылар жайлы естеліктер, Е.Өмірзақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы фотосуреттер және де Б.Майлиннің өмірімен байланыстыратын түрлі құнды мұралар сақталған.

 Бейімбеттің құрметіне арналған залға кіре берісіммен, мен, әуелі, оның азаматтық рухын сезгендей, кейіннен суреттеріне қарап, нағыз соның өзімен бетпе-бет тұрғандай күй кештім. Әрине, бұл сезімдерді жеткізу өте қиын, сонда да тырысып көрейін. Бейімбет өзінің шығармаларын жазардағы қол ұшы тиген пернетақтасын сіз де ұстадыңыз делік, яғни сіз Бейімбеттің қолын ұстап тұрсыз. Жазушының мүсініне тік қарап тұрсыз делік, яғни Бейімбет те сізді көріп тұрғандай әсерде боласыз. Ғажап емес пе? Біздің ұлы тұлғамыз, біздің мақтанышымыз өмірден озса да, әлі күнге дейін адамзатқа әкелер пайдасы бір де бір рет азайған жоқ. «Жұмысының көптігі мен өнімділігі жағынан Бейімбетке теңдесетін қазақ жазушысы , әсіресе, қазақ журналисі аз болатын»,- деп Сәбит Досанов бекер айтпаса керек.Ұлы даланың төсінде қиыншылықты көзбен көріп, өзінің тар жол тайғақ өмірін қазақ қоғамының бай мұрасын қалыптастыру жолында құрбан етті. Қазақ елінің ұлы драматургы, ағартушысы және жазушысы Бейімбет Майлиннің құрметінеорай Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы»КММ-не ұлы тұлғаның есімі берілгелі жатыр. Осыған орай мектеп қабырғасында  Бейімбет Майлиннің өмірін, шығармашылығын және тарихын көпке насихаттау мақсатында оқушылар мен ұстаздарға, ата-аналар мен жалпы қонақтарға арналған іс-шаралар атқарылып жатыр және соның біріне мектеп ішінде ашылған тарихи-өлкетану мұражайын айтпасқа болмайды.

«Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы» демекші, елімізде азаматтардың, әсіресе жастардың болашаққа ұмтылып,ұлттық кодты сақтап, жан-жақты дамуын қолдайтын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі:«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»,-деген болатын. Демек біз, Қазақ елінің болашағы, тірегі мен тілегі, еліміз үшін, жеріміз үшін барымызды аямай адал еңбек терін төгіп, қазақ халқының ұлы тұлғаларын ұлықтау – парызымыз деп білеміз.

Жеңісбекова Аружан

Рудный қаласы әкімдігінің

«№7 мектеп-гимназиясы» КММ

11 «А» сынып оқушысы

Barry Bonds Jersey